Шымкентте экологиялық талаптарды бұзған өндірістік кәсіпорындарға 515 миллион теңге айыппұл салынды.
Салаға жауапты мамандар биыл ауа сапасы, қоршаған орта және судың ластануына қатысты 38 рет тексеру жүргізді. Нәтижесінде 62 әкімшілік хаттама толтырылып, мемлекет пайдасына 285 миллион теңге өндірілді. Зауыт басшыларына анықталған кемшіліктерді жою туралы арнайы нұсқаулар берілді. Тексеріс кезінде кейбір кәсіпорынның мұржасына тазарту қондырғылары орнатылмағаны, тіпті оларды әдейі сөндіріп қойып жұмыс істегені белгілі болды. Осыған байланысты алты зауыттың қызметіне уақытша шектеулер енгізілді. Өңірде профилактикалық жұмыс пен бақылауды күшейту мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылды.
Ермахан Қозыбаев, Шымкент қалалық экология департаментінің басшысы:
- Жалпы экологиялық заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қала әкімінің өкімімен құрылған жұмыс тобы аптасына 2 мекемеге шығып отырамыз. Қазіргі таңда осы рейд барысында анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы 8 кәсіпорынға бардық. Егер оны орындамаған жағдайда жоспардан тыс тексеруді қайтадан тағайындап, қатаң шаралар қабылдайтын боламыз.
Тегтер #Шымкент #экология #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz