С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Экологиялық әдебиет: табиғат үні» атты эко-лекторий ұйымдастырылды. Іс-шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының мақсат-міндеттерімен үндесіп, жастардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталды, деп хабарлайды «24KZ».
Кездесу барысында табиғатты қорғаудағы білім мен әдебиеттің рөлі, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және кітаптан алған білімді күнделікті өмірде қолдану мәселелері талқыланды. Қатысушылар сарапшылардың пікірін тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жастардың экологиялық дүниетанымын кеңейтіп, ғылыми әдебиетке қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ оларды табиғатты қорғау бастамаларына белсенді қатысуға ынталандырады.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz