Елде су ресурстарын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында 14,5 мың шақырым суару арнасы қайта жаңартылады.
Оның ішінде 3 жарым мың шақырым каналды цифрландыру элементтерін енгізу арқылы реконструкциялау көзделген. Бұл шаралар ирригациялық инфрақұрылымның тозу деңгейін кезең-кезеңімен азайтуға, су шығынын төмендетуге және ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен қамтамасыз ету тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Елде суару каналдарының жалпы ұзындығы шамамен 45 мың шақырымға жетеді. Ауқымды жаңғырту шаралары министрліктің 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары аясында да қолға алынды. Жобалар республикалық бюджет, нысаналы трансферттер, «Қазсушар» кәсіпорнының тарифтік қаражаты, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарының қолдауы есебінен қаржыландырылуда.
Биыл 964 км суару арнасы жаңарады
Бұған дейін 2021-2024 жылдар аралығында елде жалпы ұзындығы 5406 шақырымнан асатын 884 каналда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2024-2025 жылдары республикалық бюджет, нысаналы трансферттер және халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты есебінен 190 каналдың реконструкциясы аяқталды. Қазіргі уақытта 4,6 мың км-ден астам суару каналын реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр. Жыл соңына дейін 964 км-ден астам каналда жұмыстар аяқталады. Бұл шаралар су шығынын 43%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Каналдарды реконструкциялау:
2021-2024 жж. 5 406 км - 884 канал
2024-2025 жж. 1 458,2 км - 190 канал
2026 жыл - 4,6 мың км - жұмыстар жалғасуда
Су шығынын азайту - 43%
Тегтер #суару #24KZ #жаңартуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz