RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО: ауыл мен қала маңында жасыл белдеу құрылады

27.11.2026, 22:10 20

Шығыс Қазақстан облысында қала мен ауылдардың айналасын көгалдандыру жұмыстары күшейтіледі.

Келесі жылы ғылыми зерттеулер негізінде анықталған 3,5 мың гектардан астам аумаққа 18 миллион түп көшет егу жоспарланып отыр. Көшеттер 30 тәлімбақта өсіріледі. Сонымен қатар алдағы көктемнен бастап табиғат қорғау қызметкерлері есепке алынбаған 17 мың гектар орман алқабын түгендеуге кіріседі. Иесіз жатқан орман аумақтары мемлекет қорғауына алынып, жергілікті жердің картасына енгізіледі. Айта кетейік, Шығыс Қазақстан еліміздегі орман қоры ең мол өңірлердің бірі. Қазақстандағы жасыл желектің шамамен 50 пайызы осы облыста өседі. Соңғы алты жылда өлкеде 58 миллион түп ағаш егілген.

Мұрат Құсайынов, ШҚО табиғи ресурстар басқармасының басшысы:

- Зерттеу жұмыстарын өткізіп, көктемге дейін дайын болуымыз керек, сол жерге қандай ағаш егетінімізді жоспарлап отырмыз. Соның бәрін осы көктемге дейін, сол ағаш отырғызу кезеңіне дейін барлық жұмыстарға дайын боламыз, 2027 жылдан осы жұмыс басталады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz