Бүгін «Ұлттық қор балаларға» жобасы ресми түрде басталды.
Осы уақытқа дейін Мемлекет басшысының бастамасы аясында оны орындау тетігі әзірленіп, қажетті заңнамалық түзетулер қабылданды. Енді Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы 18 жасқа дейінгі барлық баланың арасында үлестіріледі. Осылайша жиналған қаражатты білімге немесе баспана сатып алуға жұмсауға болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңажылдық құттықтауында «Біз жас ұрпақтың жарқын болашағына жол ашатын маңызды шешімдер қабылдап жатырмыз» деді. Жақында Ұлттық қордағы қаржының бір бөлігі, балалардың есепшотына түсе бастайды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz