RU
Толық нұсқаға өту

Президент қомақты инвестиция тартуды тапсырды

05.01.2024, 11:43 827

Үкімет жыл сайын кемінде 25 млрд АҚШ доллары сомасында тікелей инвестиция тартуды көздеп отыр.

Қазақстан – бұл бағытта Орталық Азияда көш басында. Былтыр инвестиция 18 пайызға өсіп, 28 млрд долларға жетті. Бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Өткен жылы шикізаттық емес секторда 300-ге жуық жоба іске қосылды. Оның жалпы құны – 1 трлн 600 млрд теңге. Үкімет тарапынан инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулы құрылды. Мыңға жуық жобаның құны 32 трлн теңгеден асады. Нәтижесінде 160 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Президент тапсырмасына сәйкес, Үкімет алдағы 5 жылда ұлттық экономика көлемін 2 есе ұлғайтуға тиіс. Мәселенің өзектілігін сұхбатында Мемлекет басшысы тағы атап өткен еді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті: «Тағы бір маңызды міндет – инвестиция тарту. Бұл міндетті орындауға жекешелендіру және активтерді қайтару науқандары да септігін тигізеді. Қомақты инвестиция болса, экономика қарқыны үдейе түседі және жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Осы орайда мен жақында Инвестиция штабын құру туралы Жарлыққа қол қойдым. Бұл штабқа еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсарту және инвестициялық жобаларды сапалы жүзеге асыру үшін ауқымды өкілеттік берілген».

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz