RU
Толық нұсқаға өту

Неміс кәсіпкерлері: Қазақстан – инвестиция үшін тартымды ел

05.01.2024, 12:26 610

Неміс кәсіпкерлері Қазақстанды өз инвестициялары үшін тартымды ел деп біледі.

Неміс бизнесі ел экономикасына шамамен 6 млрд доллар инвестиция салған. Германияның Федералдық саясат инвестицияларының 90%  шикізаттық емес секторға тиесілі. Сондай-ақ, немістер елдегі ауыл шаруашылық, логистика және көлік салаларына үлкен қызығушылық танытуда. Германия сыртқы сауда одағының басшысы Андреас Ян жаңартылатын энергетика және машина жасау салаларымен де ынтымақтасуға бейіл екенін жеткізді.

Андреас Ян, Германияның Федералдық саясат және сыртқы сауда одағының басшысы:

- Біздің елдің кәсіпкерлері Қазақстан нарығына қызығушылық танытып отыр. Екі ел арасындағы саяси әрі экономикалық қарым-қатынасты дамытуда мүмкіндіктер зор. Оны пайдалана білу керек. Еліміздің  инвесторлары Қазақстанмен жұмыс істеуге мүдделі. Мысалы, еліміздің одақ мүшелері жақын арада келіссөздер жүргізу үшін Қазақстанға баруды жоспарлап отыр. Бұл делегацияға шағын және орта бизнес өкілдері кіреді. Бізді ең қызықтыратыны – тау-кен секторы, жаңартылатын энергетика, машина жасау және ауыл шаруашылығы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz