RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде тамшылатып суару жүйесі жетілдіріледі

30.01.2024, 12:50 1303

Бұдан былай фермерлердің су үнемдеу технологияларын сатып алуға жұмсаған шығынының 80%-і субсидияланбақ.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты. Елімізде 312 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесін қолдану жоспарланған болатын. Ал қазір небәрі 84 мың гектар жерде бұл әдіс қолданылады екен. Үкімет басшысының айтуынша, бұған негізінен технологиялардың қымбаттығы кедергі. Сондықтан оларды өзімізде шығаруды қолға алу керек. Бүгінгі жиында суды үнемді әрі тиімді пайдалану мақсатында 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдама да қабылданды. Соған сәйкес су үнемдейтін технологиялармен суармалы жер көлемі 1,3 млн гектарға дейін ұлғаяды. 2,1 текше шақырым су үнемделеді. Бұл мақсатқа тезірек қол жеткізу үшін Үкімет басшысы жауапты министрліктерге 1 ай ішінде отандық су үнемдеу жабдықтарының өндірісін ұйымдастыру жөнінде нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz