RU
Толық нұсқаға өту

Риддердің жылу жүйесін жөндеуге ₸2,4 млрд-тан астам қаржы бөлінді

17.05.2024, 11:22 739

Риддердегі жылу желілерін жөндеуге Үкімет резервінен 2,4 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.

Қаулыға Үкімет басшысы Олжас Бектенов қол қойды. Қаладағы 50-ден астам учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Өткен жылыту маусымында Риддердің жылу желілерінде 25 технологиялық бұзушылық тіркелген. Нәтижесінде жылу беруге шектеулер енгізуге тура келді. Айта кету керек, бұған дейін қаржы Кентау және Қызылорда қалаларында жылу көздерін жөндеуге бөлінген болатын. Сонымен қатар еліміздің тағы 17 мегаполисі мен қалаларының энергия блоктары, жылыту қазандықтары мен турбиналарын жөндеу жоспарда бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz