RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан - Вьетнам тауар айналымы артты

18.05.2024, 19:30 1047

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тауар айналымы 85 пайызға артты.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев осылай деп мәлімдеді. Алдағы уақытта Вьетнам нарығына астық, бидай ұны, макарон, ет, сүт, жарма және ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзге де түрлерін жеткізу жоспарда бар. Бұл мәселе елордада өткен екі ел арасындағы сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 11-отырысында қаралды. Елімізде металлургия, мұнай-химия, машина жасау салалары, химия, тамақ өнеркәсіптері қарқынды даму үстінде. Кездесу барысында тараптар әлеуетті экспорттық өнімдердің тізімдерімен алмасуға және Қазақстан-Вьетнам іскерлік кеңесін құруға, Қазақстанда Вьетнамның сауда өкілдігін ашу туралы мәселені қарауға уағдаласты.

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:

- Былтыр Ханойдағы сауда миссиясының алаңында Қазақ-Вьетнам бизнесінің жаңа форматы пайда болды. Біз жақын арада 100 млн АҚШ доллары сомасына экспортты ұлғайтуға дайынбыз. Экспорттық акселерация бағдарламасының қатысушылары Вьетнам нарығындағы мақсатты аудиторияларын тапты. Бұл жоба нарыққа жергілікті өкілдер арқылы немесе дистрибьютерлердің көмегімен шығу мүмкін екендігін көрсетті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz