RU
Толық нұсқаға өту

Кореяның Қазақстандағы инвестиция портфелі бес миллиард АҚШ доллары тұрады

24.05.2024, 21:26 768

Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы инвестициялық портфелі шамамен 5 миллиард АҚШ долларын құрайтын 55 жобадан тұрады.

Бұл туралы Сеулдегі келіссөзде Сыртқы істер министрінің орынбасары Нәзира Нұрбаева мәлімдеді. Сапар барысында дипломат оңтүстік кореялық әріптесі Чун Бён Вонмен және елдегі 7 ірі компанияның басшыларымен кездесті. Басқосуда екіжақты сауда және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 6 млрд долларға жетті. Нәтижесінде Корея Қазақстанның төртінші ірі сауда серіктесі атанды.   

Назира Нұрбаева, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Медицина, логистика, фармацевтика, қоқыс өндеу, логистика сияқты осындай салаларда нақты жобалар бойынша келіссөздер жүргіздік. Аталған кездесулер барысында корей компаниялардың еліміздің инвестициялық климатымен осындай инвестицияларды тарту бойынша жаңа құралдармен таныстырдық.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz