Мемлекет басшысы Оңтүстік Кореяға «Шикізат орнына инвестиция мен технология» формуласымен ынтымақтастық орнатуды ұсынды, деп хабарлайды 24kz.
KIGAM компаниясының президентімен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев литий өндірісін жолға қоюдың, оны өңдеудің және дайын өнім шығарудың маңызды екенін атап өтті. Тараптар геологиялық барлау және тау-кен өндірісіндегі ынтымақтастықты талқылады. Сондай-ақ Президент кореялық SK Ecoplant компаниясының игеру және су тазалау бағытындағы инновациялық тәсілдеріне жоғары баға берді. Оның пікірінше, кореялық компаниялар қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қатыса алады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz