RU
Толық нұсқаға өту

Ресейдегі көрмеде Қазақстанның көлік жасау компаниялары таныстырылды

10.07.2024, 22:00 569

Екатеринбургте 8-10 шілде аралығында XIV халықаралық «ИННОПРОМ» көрмесі өтті.

Шараға Қазақстаннан да делегация қатысып, оны Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр басқарды. Делегация құрамында орталық органдар, бизнес пен ұлттық компаниялардың өкілдері болды. Халықаралық көрмеде Қазақмыс, Қарағанды құю-машина жасау зауыты, Railways Systems KZ секілді ірі отандық металлургия және машина жасау кәсіпорындары таныстырылды. Сондай-ақ іс-шара аясында Қарағанды облысы әкімдігі мен бизнес өкілдері арасында автономды электрмен қоректендіру батареяларын жобалау және өндіру, кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтандыру бойынша келісімдер жасалды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz