RU
Толық нұсқаға өту

₸15 млрд көлемінде заңсыз темекі өнімдері тәркіленді

13.07.2024, 17:15 847

Премьер-министр көлеңкелі экономикамен күресті күшейтуге пәрмен берді, деп хабарлайды 24kz.

Енді жауаптылар сауданы цифрландыруға, тауар түрлерін таңбалауға ден қоюға міндетті. Бұған дейін темекі мен аяқ киім, дәрі-дәрмек таңбаланып келді. Нәтиже де жаман емес. Мәселен, бір ғана темекі өнімдерін белгілеу арқылы акциз түсімдері 25%-ке өскен. Сондай-ақ контрафактілік тауарларды дөп басып табуға мүкіндік туды. Екі жылдың ішінде 15 млрд теңге көлемінде заңсыз шылым өнімі тәркіленген. Таңбалы тауарлардың қатары жыл санап арта бермек. 5 жылда алыс-берісті цифрландыру арқылы көлеңкелі айналымды тағы да 926 млрд теңгеге қысқартуға ден қойылды. Бақыланатын экономиканың үлесін 23%-ке, бюджет түсімдерін 270 млрд теңгеге ұлғайту да жоспарда бар. Жиын соңында Олжас Бектенов тиісті министрліктерге контрафактілік тауарларға тосқауыл қоюды тапсырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz