RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан кәсіпкерлері Конгоның тау-кен саласын зерттеуге дайын

02.08.2024, 15:56 647

Екі мемлекет табиғи ресурстарды барлау және игеру ісінде бірлеспек, деп хабарлайды 24kz.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дени Сассу-Нгессоның бірлескен мәлімдемесінде айтылды. Қазақ басшысы бұл сапар екі ел арасындағы қатынастарды дамытуға жол ашып, құрлықаралық байланысты нығайтуға ықпал ететінін жеткізді. Сондай-ақ халықаралық саясатта және әлем экономикасында Африка мемлекеттерінің рөлі артып келе жатқанына тоқталып, бұл елдермен ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі бағыттың бірі екенін айтты. Келіссөздерді қортындылай келе, маңызды келісімдерге қол жеткізгенін хабарлады. Конго Президенті де энергетика секторында қазақстандық операторларға зор мүмкіндік ұсынатынын мәлімдеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz