RU
Толық нұсқаға өту

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына Үкімет резервінен ₸5 млрд бөлінді

17.08.2024, 12:16 718

Маңғыстау Атом энергетикалық комбинаты қызметін қолдауға Үкімет резервінен 5 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды 24kz.

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Бөлінген қаржы облыстық бюджет арқылы осы серіктестікті субсидиялауға бағытталады. Ол алдағы жылыту маусымына уақытылы дайындалуға және ондағы инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Жалпы аталмыш кәсіпорын былтырдан бастап кезең-кезеңімен жаңғыртылып келеді. Себебі ол Ақтау қаласын қоса алғанда, өңірдегі елді мекендер мен кәсіпорындарды электр және жылу энергиясымен, сондай-ақ ауызсу, ыстық және техникалық сумен қамтитын ірі энергия кешені.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz