Олжас Бектенов пен ОПЕК бас хатшысы Хайтам Әл-Гайс әлемдік мұнай нарығындағы ахуал мен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды 24KZ.
Үкімет басшысы ОПЕК-тің әлемдік мұнай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті. «ОПЕК+ шеңберіндегі мұнай өндірушілер мен экспорттаушылардың келісілген әрекеттері орын алуы ықтимал жағымсыз салдарды азайтуға және нарықтағы жағдайды тұрақтандыруға көмектеседі», – деді Премьер-министр. Кездесу қорытындысы бойынша Олжас Бектенов пен Хайтам Әл-Гайс өзара табысты әрі нәтижелі іс-қимылды жалғастыру ниетін растады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz