RU
Толық нұсқаға өту

₸14 млрд бюжет қаржысы тиімсіз пайдаланылған

29.08.2024, 16:55 603

Елде инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы кезінде 14 млрд теңгеден аса бюджет қаржысы тиімсіз пайдаланылған, деп хабарлайды 24KZ.

Құрылыс саласына жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі осындай. Тағы 1,3 млрд теңге шамасында қаржылық бұзушылықтар анықталды. Сондай-ақ 26 жүйелік, 88 рәсімдік заңсыздықтарға жол берілген. Қазіргі таңда әкімшілік құқықбұзушылық белгілерімен 21 факті құзырлы органдарға жолданды. Мамандардың айтуынша, қолданыстағы нормативтік құжат жетілдіруді талап етеді. Өнім өндірушілерді іріктеуде нақты талаптар мен ашықтық жоқ. Салдарынан құжат пен іс жүзіндегі бағада айырмашылық байқалып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz