RU
Толық нұсқаға өту

Еуразиялық даму банкі биыл Қазақстанға $900 млн құйған

05.09.2024, 17:10 632

Еуразиялық даму банкі биыл Қазақстанда инвестициялық жобаларды қаржыландыруға 900 миллион доллардан астам ақша құйған, деп хабарлайды 24KZ.

Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 1,6 миллиард долларға жетеді. Осыған байланысты Премьер-министр Олжас Бектенов аталмыш банктің төрағасы Николай Подгузовпен кездесіп, инвестициялық белсенділігін жоғары бағалады. Әрі қарай инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша бірқатар мәселелерді талқылады. Соның ішінде күн электр стансыларын салу, «Астрахань - Маңғышлақ» магистральды су құбырын реконструкциялау, автожолдарды салу жобалары бар. Өз кезегінде Еуразиялық даму банкінің төрағасы ірі инвестициялық жобаларды бірігіп іске асыруға әрқашан дайын екенін мәлімдеді.    

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz