Биыл елде 160 млрд теңгеге жуық қаражатқа 4,5 мыңнан астам трактор мен астық жинайтын 815 комбайн шығарылды.
Оның ішінде 107 комбайнды неміс концерні құрыстырды. Бүгінде елде 8 ірі бірлескен кәсіпорын, соның ішінде «КЛаас» неміс концерні мен ресейлік «Рост-сельмаш» компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр. Бұл жөнінде Президент форумда айтты. Елде ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейін жылына 8-10 пайызға дейін жеткізу міндеті қойылған. Бұл мақсатқа 120 миллиард теңге бөлінді. Отандық ауыл шаруашылығы техникаларын жылына 5 пайызбен жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасы іске асып жатыр.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz