RU
Толық нұсқаға өту

12 учаскеде сирек металдар қоры барланып жатыр

12.12.2024, 10:05 768

Елде сирек кездесетін металдардың перспективалы алаңдары табылды, деп хабарлайды 24KZ. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу шеңберінде 12 учаскеде іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Үкімет перспективалы аумақтарды зерделеу және геология саласына инвестициялар тарту үшін шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтіп жатыр. Бүгінгі таңда минералды-шикізат базасында қатты пайдалы қазбалардың 987 кен орны бар. Биылғы геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша құрамында минералды қоры мен ресурстары бар 17 кен орны мемлекеттік тіркеуге алынды. Сонымен қатар жерасты суларының алты кен орны анықталды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz