RU
Толық нұсқаға өту

Биткоин бағамы жаңа рекорд орнатты

16.12.2024, 11:15 896

Биткоин бағамы тарихта алғаш рет 106 мың долларға бағаланды, деп хабарлайды 24kz.

Binance биржасының мәліметі бойынша цифрлық валюта бір түнде 5% қымбаттаған. Қазір құны жайлап түсіп жатыр. Соның өзінде бағам 105 мың доллардан түсер емес. Әлемдегі ең танымал криптовалюта АҚШ-тағы президент сайлауынан кейін 5 қарашадан бері тарихи рекордтар орната бастаған. Сарапшылар биткоин бағамының өсуін жаңадан сайланған Ақ үй басшысы Дональд Трамп әкімшілігі цифрлық валюта үшін барлық қолайлы жағдайды жасайды деген үмітпен байланыстырады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz