RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда қонақ үй бизнесінің даму қарқыны қандай?

31.12.2024, 18:50 935

Биыл Алматыда жеке инвестициялардың көмегімен 35 туристік орналастыру орны ашылды. Осылайша 850-ге жуық жатын бөлме пайдалануға берілді.

Кейінгі жылдары қалаға келетін шетелдік туристер саны ұлғайып жатыр. Әсіресе Қытай, Үндістан мен Араб елдерінен саяхатшылар көп. Қазір шаһарда глэмпингтер мен хостелдерге сұраныс артқан. Сонымен бірге капсула қонақ үйлер бар. Олар шағын әрі қолжетімді. Қонақ үйлерді салу бойынша 30 жаңа жоба қарастырылып жатыр. Оған 336 миллиард теңгеден астам инвестиция салынады.

Елнұр Болатбек, Алматы қалалық туризм басқармасының бас маманы:

- Қазір таулы аймақтарда глэмпингтердің ашылуы сирек. Инвесторлардың қызығушылығы қазір қаланың ішінде ғана емес, таулы өлкелерде де өзінің капсулдық қонақ үйлер немесе глэмпингтер, қонақ үйлер ашу негізгі болып есептеледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz