RU
Толық нұсқаға өту

2024 жыл Қазақстан үшін айрықша маңызды жыл болды – Президент

03.01.2025, 09:26 1054

Былтыр елде көптеген маңызды оқиға болды, қыруар жұмыс атқарылды. Мысалы, әбден тозығы жеткен инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары барлық аймақта жүргізілді.

18 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 7 мың шақырым автокөлік жолы салынып, жөнделді. Алматы, Қызылорда және Шымкент әуежайларында жаңа жолаушылар терминалы іске қосылды. Бұл жайында Мемлекет басшысы «Ана тілі» газетінің тілшісіне берген сұхбатында айтты. Сондай-ақ Президент еліміздің Тау-кен, мұнай-химия және металлургия салаларында ауқымды жобалар жүзеге асырылғанын атап өтті. Қайта өңдеу секторы қарқынды дами бастады. Қасым-Жомарт Тоқаев: Мен былтырғы сұхбатымда 2024 жыл Қазақстан үшін айрықша маңызды жыл болатынын айтқан едім. Шын мәнінде солай болып шықты», - деді сұхбатта.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz