RU
Толық нұсқаға өту

Биыл қазақстандық теледидар нарыққа шығады

02.02.2025, 11:47 1057

Биылғы жылдың екінші тоқсанында Samsung компаниясының алғашқы қазақстандық теледидарлары нарыққа шығады, деп хабарлайды 24kz.

Бүгін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының президенті Юджин Джонг кездесіп, ынтымақтастық жайын талқылады. Кездесу аясында Samsung Electronics Central Eurasia мен Silkroad Electronics зауыты арасында келісімге қол қойылды. Биыл теледидарлар сатылымға шықса, алдағы уақытта тұрмыстық техника өндірісі қолға алынады. Тараптар тығыз кооперациялық байланыстарды одан әрі дамытпақ ниетте.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz