Көлік-логистика саласына жеке инвестиция тартып, инфрақұрылымдық жобаларға тұсау салар әкімшілік кедергілерді жою керек. Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновпен болған кездесуде саладағы бизнес өкілдері бірқатар ұсыныс білдірді.
Мәселен, көлік-логистикадағы кәсіпкерлікті дамыту үшін реттеуші нормаларды жетілдіру қажеттігі айтылды. Инфрақұрылымы жоқ, бірақ экономикалық әлеуеті бар өңірлерде жаңа теміржолдар салу ұсынылды. Үкімет басшысы теміржол құрылысындағы жеке инвестицияларға қатысты бастаманы қолдады. Көлік министрлігіне 1 наурызға дейін инвестицияларды қайтару тетігі бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды. Бұдан бөлек, көліктегі бақылауға қатысты рұқсат құжаттарының түпнұсқалығын тексеру, автобус тасымалдаушыларының шығынын толық субсидиялау және паркті жаңарту үшін заңнамаға тиісті өзгертулер енгізу ұсынылып отыр. Әуежайларды жүйелі дамыту, олардың экономикалық тұрақтылығын арттыру қажеттігіне де назар аударылды. Кездесу соңында Олжас Бектенов көлік инфрақұрылымын дамыту мемлекет пен бизнестің өзара ықпалдастығына байланысты екенін атап өтті.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz