RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстандықтар ₸5,4 млрд жеке табыс салығын төледі

28.02.2025, 11:20 540

Кейінгі жылдары шетел асып кеткен ақшаға бақылау күшейді, деп хабарлайды 24KZ. Мәселен, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына кіретін елдер арасындағы ақпарат алмасу тиімді болып тұр. 

Мемлекеттік кірістер комитеті осы ақпарат негізінде 2 мыңнан астам азаматқа қатысты тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысында 1602 қазақстандықтың жеке табыс салығын төлемегені белгілі болды. Сөйтіп олардан 5 млрд 400 млн теңге өндірілді. 

«Қазақстан ынтымақтастық географиясын кеңейте береді. Егер 2021 жылы 51 юрисдикциямен дерек алмассақ, 2024 жылы олардың саны 89-ға жетті. Оның ішінде 26 оффшорлық ел бар. Бұл тетік капиталды заңсыз шығаруға қарсы күресте маңызды құрал болып табылады. Сондай-ақ шетелде шоттары бар қазақстандықтардың кірістерінен салықтарды тиімді әкімшілендіруге көмектеседі. Тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде кейінгі жылдары салықтық ашықтық саласындағы халықаралық ынтымақтастық нығайып, бюджет түсімдері ұлғайып келеді» — ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті.

Қазіргі таңда қазақстандықтардың оффшорлық шоттарда 1 млрд 400 млн теңгесі бары белгілі. Ең көп сома Панамада – 1 млрд 200 млн теңге. Сондай-ақ Вануатуда 200 млн теңге, Сан-Маринода 100 млн теңге жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz