Бүгінде отандық полимер құБырларын өндіретін зауыттардың әлеуеті жоғары.
Алайда, олардың жүктемесі 50%-дан аспай отыр. Өндірушілер қолдау күтеді. Осы мақсатта ((«KMG PetroChem»)) к-эм-джи петро-кем серіктестігі мемлекеттік органдар, және нарық қатысушыларымен бірге елдегі ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда полимерлі құбырларды кеңінен қолдану жайын талқылады.
Алдағы жылдары еліміздің инженерлік желілерін жаңғырту бағытында 200-ден астам инфрақұрылымдық нысан салу жоспарланған. Бұл жобаларды іске асыруға отандық полимер құбырын өндірушілердің ресурстары жеткілікті. Көшпелі отырыста мемлекеттік сатып алуларда жергілікті өндірушілерге басымдық беру, ұзақ мерзімді келісімшарт жасасу мүмкіндіктері қаралды.
Диаз Диянов, "KMG PetroChem" ЖШС Басқарма басшысының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары:
- Бұл әлемдік тәжірибе. Яғни полиэтилен құбырлар болат пен шойыннан жасалған өнімдерді кеңінен алмастыруда. Себебі бағасы арзан, техникалық қызмет көрсету, құрылыс-монтаждау кезінде де қолдану тиімді.
Мұнай шикізатын терең өңдеуден алынған пластик құбырлар шойын өнімге қарағанда әлдеқайда төзімді әрі 50 жылға дейін шыдас береді. Елордадағы зауыт жылына 40 млрд теңгенің дайын өнімін шығаруға қауқарлы. Осындай ірі өндіріс ошақтары Алматы, Орал, Павлодар, Көкшетау қалаларында жұмыс істеп тұр.
Жанболат Надыров, "Polytech Astana" ЖШС құрылтайшысы:
- Бізге не керек? Өздеріміздің шикізатымызды одан әрі өңдеу керек. Өндірісті әрі қарай дамыту үшін бізге шикізаттың бағасы керек. Шикізаттың өзі де керек. Былтыр салынған зауыт полипропилен жағын шешті. Енді полиэтиленді шешу керек. Одан кейін пвх-ны шешу керек. Шикізат шығарылса, бағалары жақсы болса, конкурентті бола аламыз.
Тараптар полимер өнімдерінің қолданыс аясын кеңейту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру жайында уағдаласты. Айта кетейік, «KMG PetroChem» «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының 100% еншілес ұйымы. Серіктестік мұнай-газ химиясы саласын дамытуда бірқатар ауқымды жобаны іске асыруда.
Рухани Әбдірахман, Марат Диханбаев
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz