Дастарқанында наны мен майы бар отбасы бай әрі бақытты.
Елордадағы наубайханашы Зәмзагүл Базылова осылай дейді. Пайдалы нанның түр-түрін шығаратын кәсіпорын тынысы мен наубайханашылардың тынымсыз жұмысы.
Бұл наубайханада күніне 3000 нан шығарылады. Жұмыс бір сәтке тоқтамайды. Тынымсыз тірлікке мұндағылар әбден үйренген. Оның үстіне жауапкершілік жүгі ауыр. Өйткені дайын нанды аллергиясы бар адамдар, салауатты өмір салтын ұстанатындар тұтынады. Сол себепті де қамырға кәдімгі ашытқы қолданылмайды.
Жадыра Базылова, өндіріс бастығы:
- Пайдалы нанды пісіруде ашытқының сапасы жақсы болу керек. Күніне 200 кг ашытқы дайындаймыз.
Нанның басы көтерілгеннен кейін қамыр иленеді. Ол да жауапты жұмыс. Қолдың күші керек. Бәлкім, сондықтан болар, бұл жерде жігіттер де жүр.
Біздің әрбір нанымыз 450 грамнан болады. Оны шариктеп қоямыз. 5 минуттай тұрып көтеріледі. Көтерілгеннен кейін формалаймыз.
Наубайханада нанның бірнеше түрі пісіріледі. Кейде жеке тапсырыстар түсіп жатады. Дегенмен, көпшілік сүйіп жейтін түрлері чиабатта, тартин және фитнес сияқты нандар.
Тамерлан Құлжабаев, наубайханашы:
- Мына нанның аты фитнес, ол басқаша кесіледі. Кәдімгі батон сияқты. дайындалған кезде басқашалау болады. Шеттен битесіз. Бір өткізіңіз. Бір, екі. үш сызық істейсіз.
Шыны керек, наубайханадан үйдегі жылулық, берекелі дастархан, ыстыық нанның иісі шығады. Құдды балалық шаққа саяхат жасағандай боласың. Пештен шыққан нанды ұзағырақ суытып алып, қаптауға кірісеміз.
Зәмзагүл Базылова, наубайхананың басқарушы директоры:
- Мында біз упаковка жасаймыз. Үстіне этикетканы жасаймыз. үлкен нандарды саламыз. Спутник аппаратына жібереміз. Мындай нан болады.
Наубайханада 30 адам еңбек етеді. Табиғи әрі пайдалы өнімге сұраныс көп. Бүгінде өндіріс үш қалада өркен жайған. Еңбекқор мамандар нан жайлы жаман сөз айтуға болмайды дейді. Себебі ас атасы бәрін сезеді.
Мерей Мұратханқызы, тілші:
- Адамның күні адаммен дейміз. Сонау даланы жыртып, дән егіп, кейін дайын ұннан біздің дастарханымызға ас атасы нанды жеткізгенге дейін қаншама еңбек жатыр десеңізші. Бүгін біз наубайханашының бір күніне куә болдық. Қол еңбегі - адал еңбек. Сол үшін алғыс айтамыз.
Мерей Мұратханқызы, Нұрғали Мамырбаев
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz