RU
Толық нұсқаға өту

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5%-ға дейін көтерді

07.03.2025, 12:02 682

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5%-ға көтерді.

Бас банк бұл шешімін инфляцияның қарқын алуымен түсіндіріп отыр. Жылдық инфляция ақпанда 9,4%-ға дейін үдеген. Мұнан бөлек көршілес Ресейде де инфляция қарқын алғандықтан сыртқы сектордың бағаға әсері күшейді. Бұған дейін Ұлттық банк 2024 жылдың қарашасында негізгі мөлшерлемені 14,25%-дан 15,25%-ға  көтерген. Ол кезде елдегі инфляциямен қоса теңге де құнсызданып, доллар бағамы 500 теңгеден асқан еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz