RU
Толық нұсқаға өту

О. Бектенов екінші деңгейлі банктердің басшыларымен кеңес өткізді

19.03.2025, 16:50 749

Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртудың ұлттық жобасы аясында 5 жылда 13 трлн теңгеден астам инвестиция құйылуға тиіс. Биыл бұл мақсатқа 1 трлн 200 млрд теңге қарастырылып отыр.

Қазақстанда 19 млн шаршы метр үй салынады деген жоспар бар. Бұл тұрғын үй құрылысындағы рекордтық көрсеткіш болмақ. Премьер-министр Олжас Бектенов екінші деңгейлі банктердің басшыларымен кеңес өткізді. Жиында ірі инфрақұрылымдық жобаларды салу және жаңғыртуда банктердің ресурсын қолдану мәселесі талқыланды. Бұған дейін Президент қос палатаның кеңейтілген отырысында осындай тапсырма берген еді. Үкімет басшысы экономиканы қаржыландыру бойынша жаңа тәсілдерді бірлесіп енгізудің маңыздылығын атап өтті. «Қазақстанда өндірілетін тауарлардың барлығы сырттан импортталмай, өзімізде сатып алынуы тиіс. Бұл жұмыс цифрлық форматта жүргізілуі керек», – деді Премьер-министр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz