RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан Өзбекстанға 473 млн доллардың тауарын экспорттады

25.03.2025, 13:32 708

Жыл басынан бері Қазақстан Өзбекстанға 473 млн доллардың тауарын экспорттады.

Бұл туралы Өзбекстанның Ұлттық статистика комитеті хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, қаңтар-ақпан аралығында елдің сыртқы сауда айналымы 10,8 млрд долларға жетіп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 9,9%-ға өскен. Бүгінгі таңда көршілес мемлекет әлемнің 162 елімен сауда-саттық жасайды. Серіктестер көшін Қытай бастап тұр. Екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 2 млрд доллардан асты. Екінші орында Ресей. Бұл елмен арадағы алыс-беріс көлемі 1,6 млрд долларға жетті. Үштікті Қазақстан түйіндейді. Біздің елмен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 660 млн доллар болды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 78,8 млн долларға көп.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz