Алматы облысында темірден жасалған киіз үй өндірісі қарқынды дамып келеді.
Соңғы 2 жылда 1300-ден аса тұрғын осы кәсіпке бет бұрып, мемлекеттік бағдарлама шарапатын көрген. "Ауыл аманаты" бағдарламасы арқылы несие алып, ісін бастаған көптің бірі - Талғат Қанапия. Ол киіз үй өндірісін 2019 жылы қолға алған. Алғашында небәрі 10 үй жасап бастаған. Артынша сұраныс артып, өнім көлемін көбейтуге ден қойыпты. Қазіргі таңда өзінің шағын шеберханасы бар. 12 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жылына 300-ден астам киіз үй жасап шығарады. Үй жабындылары бес қабатты, суық пен ыстыққа төзімді матадан тігіледі.
Талғат Қанапия, кәсіпкер:
- 2,5 пайыз несие, ол да көп көмектесіп жатыр. Цех салдым. Машинка керекті нәрселерді алдым. Соған үкіметтің көп көмегі болды. Өзімді бұрын екеу болатын. Мына цехты салдым. Дәнекерлер аппараттарынан екеу алдым. Сонымен 3 млн бітті.
Ерлан Жакупов, «Amanat» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы:
- Соңғы 2 жылда 2800-ден астам өтініш келіп түскен. Қазіргі таңда 1327 жоба бойынша 10 млрд теңгеден аса шағын несие берілді. Ең көп өтінім ЕҚ, Ұйғыр және Балқаш аудандарында. Олардың басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысып отыр.
Тегтер #Алматы облысы #киіз үй #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz