Заңсыз шығарылған қаржыны қайтару жалғасады.
Бүгін Сенат осыған қатысты Еуразиялық Топтың хаттамасын мақұлдады. Құжат бойынша қылмыстық кірісті заңдастыру мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекет күшейе түседі. Бұл тұста заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкестендіру көзделген. Айта кетейік, Қазақстан Еуразиялық топтың жұмысына белсенді қатысып қана қоймай, ұйым бюджетінің шамамен 15%-на елеулі қаржылық үлес қосады. Бұған дейін бұл хаттаманы Еуразиялық Топқа мүше 7 мемлекет ратификациялады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Қаралған заң Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың құжаттарына бірқатар түзетулер енгізуді көздейді. Бұл түзетулер ұйымға мүше мемлекеттердің қаржы жүйелері мен экономикаларын қорғауға бағытталған бірлескен қызметін жетілдіруге арналған. Жалпы заң ФАТФ аясында атқарылып жатқан іс-шаралардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп сенеміз.
Тегтер #Сенат #қаржы #құжат #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz