RU
Толық нұсқаға өту

Түркістанда тоңазытқыштар өндіріле бастайды

03.04.2025, 21:25 1099

Қазақстанда тоңазытқыш өндірісі жолға қойылады, деп хабарлайды 24KZ. Зауыт Түркістандағы арнайы экономикалық аймақта орналасады. Бұл туралы халықаралық бизнес-форумда белгілі болды.

Шараға Украина, Түркия, Қытай, Грузия, Әзербайжан және Өзбекстанның ірі компания өкілдері қатысты. Биыл Түркістан облысында жалпы құны 400 миллиард теңгеден асатын 57 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Форум аясында шетелдік инвесторларға өңірдің экономикалық әлеуеті мен даму мүмкіндіктері таныстырылды. Аймақтың инвестициялық портфелінде 4,5 миллиард доллар болатын 110 жоба бар. Оларды жүзеге асыру алдағы үш жылға жоспарланған.

Ван Чуанган, қытайлық инвестор:

- Индустриалды және арнайы экономикалық аймақтардың жұмысымен танысып шықтым. Кәсіпкерлер үшін жасалған жағдайлар мені қызықтырып отыр. Алдағы уақытта осы өңірден тәтті сусындар шығаратын зауыт ашсақ деген ойымыз бар. Түрлі ыдыстар да шығаруға болады.

Самат Көшкінбай, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары:

- Арнайы экономикалық аймақтарда әртүрлі салықтық жеңілдіктер қарастырылған, дайын жер телімі, инфрақұрылыммен қамтылған. Жалпы бұдан бөлек, қалада кіші өндірістік парк жобасы құрылған. Оның негізігі мақсаты – инвесторларға дайын өндірістік ғимаратты ұсыну. Осы бағыттағы жұмыстарды Түркістан қаласында ғана емес, барлық аудан, қалаларда жалғастыруды қолға алып отырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz