Алтынның нарқы аспандап барады, деп хабарлайды 24kz.
Оның бір унциясының құны тұңғыш рет 3200 доллардан асты. Бұл біздің ақшаға шаққанда бір миллион 600 мың теңге шамасында. Бұған Дональд Трамптың әлем елдерінің көбіне баж салығын салуы себеп.
Инвесторлар мен трейдерлер мұндай алмағайып кезеңде байлығын алтынға айналдырып, артын күтеді. Аңысын аңдиды. Сарапшылар бұл осылай жалғаса берсе, жыл соңына таман оның құны 3300 долларға дейін жететінін болжайды. Бірақ алтын қымбаттағанмен, доллардың бағамы төмендеп, мұнай арзандады.
Тегтер #унция #Дональд Трамп #баж салығы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz