RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан АҚШ-қа мұнай экспортын азайтты

04.04.2025, 07:52 561

Біздің ел 5 жылдың бедерінде АҚШ-қа мұнай тасымалын 5%-ке азайтты, деп хабарлайды 24kz.

Ұлттық энергетика министрлігі, әсіресе, пандемия кезінде көрсеткіш күрт төмендегенін мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамптың 185 елге 10%-тен 50%-ке дейін базалық баж салығын енгізгенін айтып жатырмыз. Бұл тізімде Қазақстан да бар. Енді бұл өзгеріс мұнай экспортына қалай әсер етеді?

Мерей Мұратханқызы, тілші:

- АҚШ – қазақстандық мұнайды импорттайтын 12-ші ел. Былтыр мұнда 68 млн тоннасын жөнелттік. Қара алтын негізінен Каспий құбыры консорциумы арқылы тасымалданады. Былтыр 55 млн тоннаға жуығы осы бағыт арықлы жеткізілді. Ал АтырауСамара бағытымен 8 млн тоннасы тасымалданды. Бұл 5 жыл бұрынғы көрсеткіштен 33%-ке аз. Ақтау портымен 3,6 млн тоннасы жөнелтілді. Теміржол арқылы былтыр бар болғаны 50 мың тоннасы тасылған. Десе де, отандық қара алтынның басым бөлігі Италияға жөнелтіледі. Сондай-ақ Нидерланд, Қытай, Оңтүстік Кореямен серіктестік орнаған.

 

Стратегиялық тауарларға БАЖ салығы салынбайды

Десе де, АҚШ президенті енгізген қосымша тарифтер стратегиялық тауарларға әсер етпейді. Сауда және интеграция министрлігінің мәлімдеуінше, Дональд Трамп қабылдаған жарлықта ерекше тізімі көрсетілген. Бұл құрамда шикі мұнай, уран, күміс, ферроқорытпалар бар. Яғни, біздің экспортымыздың 90%-ін қамтитын осы тауарларға қосымша кеден бажы қолданылмайды. Ал үкімет баждардың елімізге қатысты қолданылмауын талқылау үшін АҚШ тарапымен консультациялар жүргізбек ниетте. Еске салайық, бұл ел біздің тауарларға 27%-тік баж салығын қосқан.

Альмира Хамзина, ҚР Сауда және интеграция министрлігі сыртқы сауда қызметі департаменті директорының орынбасары:

- Баждар қолданылатын тауарларға келетін болсақ, қазіргі экспорттың құрылымына келетін тауарлар фосфор, линзалар, т.б. тауарлар. Бұл тауарлар Қазақстанның барлық экспортының АҚШ-қа тек қана 4,8%-ін құрайды.

 

Нарықта экспорт көлемі артады

Қаржыгер Расул Рысмамбетов АҚШ президентінің импорттық тауарларға тариф енгізуі біздің экономикаға қалай әсер ететінін саралады. Оның сөзіне сүйенсек, енді кей өнімдер біз үшін арзандауы мүмкін екен. Өйткені кедендік баж салығына іліккен мемлекеттер экспорт үшін жаңа нарықты іздей бастайды. «Осылайша, техника, металл, көлік құралдары немесе құрылыс материалдарын төмен бағамен алуға мүмкіндік туады», - дейді сарапшы. Расул Рысмамбетов АҚШ сияқты алпауыт экономика болмасақ та, біздің нарықтың көп ел үшін тиімді екенін айтады. Сарапшы бізге салынған салықтың экономикаға әсер етпейтінін жеткізді. Себебі бұл ел сыртқы тауар айналымының 1%-ін ғана қамтиды. Сарапшы былтыр АҚШ-қа 2,2 млрд доллардың өнімін сатқанымызды еске алды. Ал сатып алғанымыз 2 млрд доллар. Демек, біз сауда профицитін көрсетіп отырмыз. Енді Қазақстан шикізатты сыртқа шығармай, өзімізде өңдеп, кейін дайын өнімді экспорттауға қадам жасауы керек.

Расул Рысмамбетов, қаржыгер:

- Баж салығы АҚШ-тағы инфляцияны күшейтіп жіберсе, долларды әлсіретуі мүмкін. Демек, Қазақстан долларлық аймақтардан импортты арзанға ала алады. Ал теңгеміз нығая түседі. Енді бізге өз өндірісімізді дамыту қажет. «Бәйтеректің» ақшасын пайдаланып, күштірек жабдықтарды сатып алатын уақыт келді.

 

Қазақстан баж салығын енгізбейді

Ал сарапшы Ғалым Құсайынов желіде тараған қауесетке жауап берді. Қазақстанның да АҚШ тауарларына 54%-тік баж салығын енгізетіні жалған ақпарат. Ол еліміздің жеке кедендік салығы жоқ екенін атап өтті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz