RU
Толық нұсқаға өту

«Самұрық-Энерго» 2032 жылға дейін жаңа қуат көзін іске қосады

04.04.2025, 21:35 666

Алдағы жеті жылда 14,3 ГигаВатт жаңа қуат көзі іске қосылады.

Бұл туралы елордада өткен қоғамдық кеңесте "Самұрық-Энерго" компаниясының төрағасы мәлімдеді. Жиында көпсалалы энергетикалық холдингтің өткен жылғы жұмыс нәтижелері ұсынылып, алдағы жоспарлары айтылды.

Самұрық-Энерго компаниясы өткен жылы 39 млрд киловатт сағаттан аса электр энергиясын өндірді. Бұл жылдық жоспардың 102 пайызын құрайды. 2023 жылғы нақты көрсеткіштен жоғары нәтижеге қол жеткізген холдинг биыл бұл санды 40 миллиардтан асыруды көздеп отыр.

Болат Жәмішев, "Самұрық-Қазына" АҚ Қоғамдық кеңесінің Төрағасы:

- Елдегі қуаттың 32 пайызы Самұрық-Энергоға тиесілі. Бұл өте үлкен көрсеткіш. Қабылданып жатқан осы шаралардың барлығы тиімді, әрі ұтымды нәтижесін береді деп ойлаймын.

Былтыр Екібастұзда 1-МАЭС-тің 1-энергоблогы пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде станцияның қуаты 4 мың МегаВатқа жетті. Осылайша станция алғаш рет соңғы 30 жылда 8 блокты режимде жұмыс істеді.

Қайрат Мақсұтов, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы:

- Біз бүгінгі келелі кеңесте өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындыладық. Оның ішінде айта кеткен жөн, компаниямыз былтыр электр энергиясын өндіру бойынша қойылған міндеттерді жоспардан асыра орындап, қаржылық жағдайын жақсартты. Сондай-ақ елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылатын жобаларды пысықтадық. 

Енді компания алдағы жеті жылда 14,3 гигаватт жаңа қуат көздерін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл елдегі жаңа генерация енгізу жоспарының 55 пайызын құрайды. 

Әлішер Әли

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz