RU
Толық нұсқаға өту

Экономикалық өсім – ел несібесі

07.04.2025, 19:39 815

Экономика өсіп келеді.

Былтырғы есеп бойынша жалпы ішкі өнім өсімі 4,8 пайызды құрап отыр. Басты артықшылық - оның мұнайға қатысы жоқ секторлар есебінен артуы. Дәлірек айтсақ, экономикалық өсімнің 70 пайыздан астамы өңдеу өнеркәсібі, сауда, ауыл шаруашылығы және құрылыс есебінен қалыптасқан. 

- Қазіргі экономикалық өсім деңгейі 4,8 пайыз. Экономистердің айтуынша, бұл дүниежүзіндегі жоғары көрсеткіштердің бірі саналады. Ал оған әсер еткен негізгі драйверлер мұнай-газ секторынан тыс салалар болды. Осы орайда көшбасшы салаларды жеке-жеке  тармақтап, графика арқылы көрсетіп өтейін. Ең бірінші орында ауыл шаруашылығы – 13 пайыз, одан кейін құрылыс саласы – 10,3 пайыз, сауда өнеркәсібі – 8,2 пайыз, және өңдеу өнеркәсібін 5,3 пайыз ерекше атап өтуге болады. Жалпы мұндай өсім Үкіметтің өңдеуші емес, шикізатқа байланысы жоқ секторларды дамытуға ерекше назар аударуында,- дейді экономист Бауыржан Ысқақ.

Ауыл шаруашылығы – 13 %

Құрылыс – 10,3 %

Сауда өнеркәсібі – 8,2 %

Өңдеу өнеркәсібі – 5,3 %

Бауыржан Ысқақ, экономист:

- Бізде мынау импортты алмастырушылықты бірінші орынға қоюымыз керек. Яғни біздің экономикада инфляцияның алдын алуымыз керек болса, немесе девальвацияның туындамауына біз Қазақстанда отандық өндірушілердің өнімдерін қамтамасыз ететіндей сала қалыптастыруымыз керек. Жалпы сол бағытта жұмыстар жасалып жатыр деп айтуға болады.

Жалпы экономикалық өсім ел халқының әл-ауқат деңгейі, тұрмыс сапасы және төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Жалпы халықтың тұрмыс сапасын зерттейтін бірнеше мекеме бар. Мысалы ұлттық статистика бюросының 2024 жылғы наурыз айында жүргізген сауалнамасын назарға ұсынғым келіп тұр. Осы халықтың тұрмыс сапасын зерттеу қорытындысы бойынша респонденттердің 43,8 пайызы тұрмыс деңгейіне қанағаттанамыз деп жауап берген. Олардың 55,3 пайызы ауылдық жер тұрғындары болса, қалғаны қалалықтар. Және осы статистикадағы ерлер саны әйелдерге қарағанда көбірек.

Егер олардың тұрмыс сапасының негізгі көрсеткіштері бойынша жауаптарына мән берсек, қаржылық жағдайына риза респонденттер 35 пайызға жуықтайды. Ал материалдық әл-ауқатым орташа дегендер – 74 пайыздан асады. Сол секілді 25 пайыз адам баспанаға өз күшімен қол жеткізетініне сенімді, ал 40 пайызға жуығы, керісінше, бұл мәселеде көмекке мұқтаж. 

Тұрмыс сапасына қанағаттанатын респонденттер үлесі – 43,8 %

Ауыл тұрғындары – 55,3 %

Қала тұрғындары – 38,5 %

Ерлер – 47,9 %

Әйелдер – 41,1 %

ГРАФИКА-3

«Қаржылық жағдайыма ризамын» – 34,8 %

«Материалдық жағдайым орташа» – 74,2 %

«Баспанаға өзім қол жеткізе аламын» – 25 %

«Баспаналы болу үшін көмек керек» – 39,6 %

«Тұрғын үйге қатысты мемлекеттік саясатқа ризамын» – 24,5 %  

Экономикалық өсімге оң әсер етіп жатқан тағы бір фактор - ол сыртқы сауда нарығының қарқынды дамуы. Мысалы, 2024 жылғы есеп бойынша біздің сыртқы сауда балансымыз 20 млрд доллар профицитпен қалыптасқан. Яғни бізден шығыннан гөрі кірістің көлемі жоғары деп айтуға болады. Осы орайда сала мамандарын сөзге тартқым келеді.

Экспорттағы нәтижелермен бөліссеңіз, сыртқы сауда көлемі қаншалықты өсті? Қандай салалар көш бастап тұр? 

Бауыржан Тұрлыбеков, Экономикалық зерттеулер институты сауда мен инвестицияны дамыту орталығының басшысы

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz