Жаһандық қаржы нарығындағы құбылмалы жағдайға байланысты Ұлттық банк тиісті шараларды қабылдауға дайын, деп хабарлайды 24kz.
Соңғы күндері доллар күрт қымбаттағаны мәлім. Соған байланысты теңге бағамы төмендей берсе, реттеуші орган валюта нарығына араласуы мүмкін. Бірақ әзірге тек жағдайды бақылауда ұстап, интервенция жүргізбегені белгілі болды. Қазір бюджет трансферттері мен аффинаждалған алтынды сатып алуға байланысты шетел валютасын сату операциясын жүргізіп жатыр. Күні кеше KASE биржасында 1 АҚШ доллары 519 теңгеге теңескен. Бүгін керісінше қор нарығында доллар сәл арзандап, 518 теңге көлемінде тіркелді. Алайда, АҚШ президенті әкімшілігінің саяси шешіміне қатысты қандай да бір болжам жасау қиын боп тұр.
Тегтер #Ұлттық банк #доллар бағамы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz