RU
Толық нұсқаға өту

Базалық мөлшерлеме 16,5% деңгейінде қалды

11.04.2025, 13:05 954

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде қалдырды. Мамандар наурызда жылдық инфляция 10% көрсетіп, болжамды диапазон аясында қалыптасқанын жеткізді.

Ал айлық динамикада тұрақтану байқалған. Инфляция 1,3%-ке дейін баяулады. Оған азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен нарықтық қызметтердің бәсеңдеуі себеп болды. Ал алдағы болжамдық кезеңдегі көрсеткіш талқыланып жатқан салық реформасы мен АҚШ тарифтік саясатының салдары және өзге де факторлар аясында бағаланады. Еске салайық, базалық мөлшерлеме несие мен депозит пайызына да әсер етеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz