RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан Chevron компаниясымен ұзақмерзімді ынтымақтастықты тереңдетуге дайын

14.04.2025, 19:14 475

Америкалық корпорация да сенімді серіктестікті жалғастыруға ниет білдіріп отыр, деп хабарлайды 24kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Chevron директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртті қабылдап, қарым-қатынасқа қарқын қосу жайын талқылады. Президент екіжақты байланыс еліміздегі энергетика саласын тұрақты дамытуда негізгі рөл атқаратынын атап өтіп, «Теңіз» кен орнын кеңейту жобасының табысты аяқталуымен құттықтады. Сондай-ақ отандық компаниялардың мұнай-газ секторындағы үлесін арттырудың өзектілігіне тоқталды. Ал Майкл Уирт Қазақстан компанияның серіктесі болып қала беретінін жеткізді. «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны 1993 жылдан бері айтарлықтай инвестиция салғанын айтты. Кездесуде ірі инвестициялық жобаларға, соның ішінде газ және мұнай химиясы өндірісіне ерекше назар аударылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz