Елде ірі металлургия зауытының құрылысы басталды, деп хабарлайды 24KZ. Кәсіпорын Жамбыл облысында салынады. Қаржымен бастан-аяқ қытайлық инвестор қамтамасыз етеді. Бағасы 1 млрд 200 млн долларға жуықтайды. Онда арматура, созба сымдар, жолақ және профильді болат пен металл өнімдері шығарылады.
Премьер-министр Jibek Joly арнайы экономикалық аймағын да аралап, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Аталған зауыт 2 жылдан кейін өндірістік қуатын 1 млн тоннаға, ал 2029 жылы 3 млн тоннаға жеткізбек. 2,5 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған. Бұдан соң Олжас Бектенов жылына 3 млн тоннаға дейін жүгері өңдейтін жобамен танысты. Инвестиция көлемі 800 млн доллар-ды құрайды. Өнеркәсіп кешеніне крахмал зауыты және үш биоферментация кәсіпорны кіреді. Осылайша лизин, глутамин қышқылы, лейцин, треонин, жем және тағы да басқа өнімдер шығарылмақ.
Ержан Елекеев, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:
- 3-4 жылда инвестицияның жалпы көлемі 1 млрд доллардан асады. Мыңға жуық адам тұрақты жұмыс орынмен қамтылады. Өнімді Еуропа және араб елдері нарықтарына, сондай-ақ Қытайға экспорттау жоспарланып отыр. Сондай-ақ кәсіпорында 1 мың жұмыс орны ашылады.
Бұдан бөлек Премьер-министр Сарысу ауданында сода шығаратын зауыт құрылысының барысын тексерді. Онда жергілікті шикізат пайдаланылады. Қалдық қалдырмайтын технология қолданылады. Ал елдің содаға сұранысы жылына 350-400 мың тонна. Жоба жүзеге асса импорт тоқтап, керісінше, ТМД елдері мен Қытайға экспорт арта түседі.
Тегтер #Жамбыл облысы #24KZ #Қазақстан жаңалықтарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz