RU
Толық нұсқаға өту

Сенатта ЕЭО шеңберінде мүлікті бағалау қызметін жетілдіру жайы талқыланды

17.04.2025, 21:35 478

Бүгін Сенат депутаттары Еуразиялық экономикалық одақта мүлікті бағалау жөніндегі қызметтердің бірыңғай нарығына көшу шеңберінде бағалау қызметін жетілдіру мәселесін талқылады, деп хабарлайды 24KZ. 2018 жылдан бері күшінде тұрған «Бағалау қызметі туралы» заңға сәйкес бағалаушыларды лицензиялау жүйесі жойылып, оның орнына жеке тұлғаларды өзін-өзі реттеу және сертификаттау тетігі енгізілген болатын.

Бүгінде елімізде 1700-ден астам маманды біріктіретін 4 бағалаушы палата жұмыс істейді. Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетімен бірлесе отырып, олардың қызметіне бақылау жүргізіп келеді. Бұл жұмыстар профилактикалық тексерулер мен арнайы тізілімдерді жүргізуді қамтиды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz