Тұз тасымалының құны қымбаттап кетті, деп хабарлайды 24KZ. Бұл отандық тұз өндірушілердің дамуына кедергі келтіре бастады. Дәлірек айтсақ, биыл 7 наурызда Қазақстан темір жолы компаниясы магистральдық желілер арқылы жүк тасымалдау тарифін өсірген. Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдан әлеуметтік маңызы бар тауар үшін бағаны қайта қарауды сұрады.
Еліміз жылына 2 млн тоннаға жуық ас және техникалық тұз өндірсе, соның 85%-ін экспорттайды. Өндірістің негізгі пайда көзі сыртқы нарыққа тиесілі.
Мұрат Ергешбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Тұзды тасымалдау құны тұздың өз бағасынан қымбат шығып тұр. Қазіргі таңда баға өсіміне байланысты бірқатар ресейлік компания отандық тұз компанияларымен келісімшарттарын бұзып жатыр. ҚТЖ бұл тарифтің өсуінің себебін үлкен инфрақұрылымдық жобаларға қажетті инвестиция деп сілтеп отыр. Алайда бір күнде тарифті 3 есе өсіруі бизнеске жəне экспортқа кері əсерін тигізетіні анық. Тарифтің өсуін тауарлардың негізгі құнына қарап өсіру сияқты нұсқаларды қарастыру қажет.
Тегтер #Қазақстан Темір Жолы #Мәжіліс депутаты #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz