Отандық тауар өндірушілермен 1,4 трлн теңгеге келісімшарт жасалады. Бұл туралы Олжас Бектенов өткізген «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысында айтылды.
Қор басшылығы 46 ірі инвестициялық жоба туралы баяндады. Оның ішінде «Полиэтилен өндірісі», күкірт қышқылы зауыты және «Мойынты – Қызылжар» теміржол желісін құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған. Ал жыл соңына дейін «Достық – Мойынты» теміржол желісі, Алматы қаласындағы айналма теміржол, Ақтау порты контейнерлік хабы, Кендірлідегі су тұщыту зауыты сияқты инфрақұрылымдық нысандарды реконструкциялауды аяқтау жоспарланып отыр. Премьер-министр мұның маңыздылығын айтып, уақытылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар Импортты алмастыру бағдарламасы бойынша қор былтыр қазақстандық кәсіпкерлермен офтейк-келісімшарттардың көлемін 10 есе көбейткен.
Тегтер #келісімшарт #Самұрық Қазына #Олжас Бектенов #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz