RU
Толық нұсқаға өту

Былтыр машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 4,6 трлн теңгеге жетті

24.04.2025, 15:25 627

Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі машина жасау саласының үлесі соңғы бес жылда 13-тен 19 пайызға дейін өсті.

Былтыр өндіріс көлемі 4,6 трлн теңгеге жетті. Жаңа өнім түрлері шығарылып, тауар экспорты да айтарлықтай артты. Ел нарығына ауылшаруашылығы техникаларын, автобустар, жеңіл және жүк көліктерін жасайтын жаңа компаниялар келді. Биыл Қазақстанда әлемдегі ірі компаниялардың жоғары технологиялы кәсіпорындары іске қосылады. Мұның бәрі – мемлекеттің отандық өндірісті қолдауға қатысты жүйелі  шараларының жемісі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 10%-ға өсті. Осы жылдың I тоқсанында аталған көрсеткіш 17%-дан асты, бұл саланың жоғары әлеуетін және қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді. Бұл туралы бүгін Қазақстан машина жасаушыларының XII форумында айтылды. Іс-шараға Премьер-министр Олжас Бектенов қатысып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін оқыды.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

– Құрметті форумға қатысушылар сіздерді Қазақстан машина жасаушыларының XII форумының ашылуымен құттықтаймын. Бұл бизнес өкілдері мен білікті мамандардың осы салаға қатысты өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасуына, ұсыныстар әзірлеуіне мүмкіндік беретін айтулы жиын. Еліміздің машина жасау саласы бүкіл экономикамызды өркендетуге тың серпін беру үшін өз әлеуетін толық іске асыра алады деп сенемін. Форум жұмысы жемісті болсын. Баршаңызға толағай табыстар тілеймін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz