RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайту және ішкі нарықты дамыту стратегиясы талқыланды

02.05.2025, 20:15 519

Азық-түлік қауіпсіздігі – елдің әлеуметтік тұрақтылығы мен экономикалық тәуелсіздігінің негізі. Бүгінде Қазақстан ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар тауарлармен қамтамасыз ету жолында кешенді шаралар қабылдап келеді.

Бірқатар өнім бойынша 100% өзін өзі қамтуға қол жеткізілді. Дегенмен, импортқа тәуелділік әлі де бар. Бұл жағдай бағаның тұрақтылығына, логистикаға, тіпті азық-түлік тапшылығына тікелей әсер етеді. Өзекті мәселе алдағы уақытта қалай шешімін таппақ?

Азық-түлік қауіпсіздігі. Күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Бұл мемлекеттің тұрақтылығы мен халқымыздың әл-ауқатын айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі. Бүгінде елде әлеуметтік маңызы бар 19 тауар түрі бар. Былтыр соның 10 позициясы бойынша ішкі нарықты отандық кәсіпкерлер 100% қамтыған болатын. Биыл бұл қатар тағы бір өніммен толыққан екен.

Олжас Тлебалдин, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі:

- Халық тұтынатын 29 тауарлық позиция бойынша қазір мониторинг жүргізіледі. Оның ішінде 19 тауарлық позиция ол әлеуметтік маңызы бар тауар түрлеріне енгізілген. Жалпы мынау осы 29 тауар түрлері бойынша ішкі нарықты толықтай 100 және одан да көп пайызбен қамтамасыз ету 11 тауар түрлері бойынша және де 80 және одан жоғары 13 тауарлық позиция.

Халықты қажетті азық-түлік түрлерімен қамтуда импортқа тәуелділік те бар. Бүгін әлеуметтік маңызы бар өнімдердің 5 түрі шет мемлекеттерден әкелінеді. Оның ішінде құс еті, балық, ірімшік, қант және шұжық бар.

Бауыржан Ысқақ, экономист:

- Импортқа тәуелділіктің көптеген жағымсыз жақтары бар. Бірінші кезекте бұл бағаның тұрақсыз болуына әсерін тигізеді. Өйткені импорттан келетін тауар ол сырттағы инфляция, әртүрлі дағдарыстар, геосаяси шиеленістер болып жатыр, мысалға санкциялар дейміз, осының барлығы да біздегі, бізге келетін бағаның да тұрақсыз болуына әсерін тигізеді. Екіншіден, жалпы жеткізілім тізбектері, логистикалық үзілістердің де болуына. Өйткені, мынау, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың, яғни, біздегі ұн, қант, май, көкөніс сияқты сол салалардың да тапшылыққа ұшырап қалуына да біз мүмкіндік беріп аламыз.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты мәселе – ол импорттан толықтай арылу. Бұл бағытта бірқатар инвестициялық жобалар да жоспарланған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдеуінше, алдағы 2 жылдың ішінде шет мемлекеттен әкелінетін 4 тауар түрін өзімізде өндіру міндеті тұр.

Олжас Тлебалдин, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі:

- Ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобалардың жергілікті атқарушы органдарымен жасалған бізде, жол картамыз бар. Сол жол картаға сәйкес министрлік 2027 жылға дейін жалпы 3 триллион теңгеден астам сомаға 672 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Биылдың өзінде 200-ден астам жоба іске қосылады деп күтіліп отыр. Оның жалпы сомасы 600 миллиард теңгені астам. Осылайша, біз жақын аралықта қазіргі таңда тәуелділікке ие болып отырған тауарлық позициялар бойынша ішкі нарықта толық қамтамасыз етуге осы инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы қол жеткізетін болады.

Айта кету керек, негізгі басымдық қайта өңдеу бағытына беріліп отыр. Ал маңызды жобаларды жүзеге асыруға ниет танытқан қалталы азаматтарға мемлекет шығындарыны 25 немесе 50%-ін өтеп беруге дайын екен.

Авторлары: Риат Шони, Марат Диханбаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz