Қазақстан ОПЕК+ аясындағы өзінің міндеттемесінен бас тартпайды. ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов «Рейтер» агенттігіне берген сұхбатында осылай деді.
Ұйым келісімінде көрсетілген мұнай өндірісінің квотасын орындамағаны үшін Қазақстанның сынға ұшырағанына қатысты министр өз пікірін білдірді. Құзырлы ведомствоның келтірген мәліметіне сәйкес Қазақстанның осы ұйым шартына сәйкес өндірісінің үлесі шамамен 5%-ті құрап отыр. Ал дүниежүзі бойынша оның көлемі 2%-тен да аз. Сондықтан қазақстандық тараптан қандай да бір өсім жаһандық нарықтағы бағаға ешқандай әсер етпейді.
Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика министрі:
- Біздің ОПЕК+ қатысуымыз ғаламдық тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлттық жоспарды орындауға жағдай жасау мен инвестиция тартудағы маңызды құрал саналады. Біз келісім шеңберіндегі жұмысымызды жалғастырып, міндеттемелерімізді орындауға ниеттіміз.
Өзге мемлекеттер сияқты Қазақстанның да өз ұлттық мүддесін қорғауға құқы бар. Бұл экономиканың барлық салаларында қалыпты тәжірибе. Атап өтейік, осыған ұқсас бұзушылықтарды келісімнің жекелеген қатысушылары жасағанын, алайда оларға ешқандай жария талаптар қойылмаған. Мәселен, қара алтынның негізгі әлемдік экспорттаушыларының бірі мұнай өндіру көлемін күрт ұлғайтты, бұл мұнай бағасының төмендеуін едәуір ынталандырады және ОПЕК+ мәмілесіне нұқсан келтіреді.
Тегтер #Қазақстан #ОПЕК+ #мұнай өндірісіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz