Сауда министрлігі әлеуметтік тауарлар бағасын бақылауды күшейтеді. Бұдан бөлек, өңірлерде жәрмеңкелер көбейеді.
Айта кету керек, биыл 22-29 сәуір аралығында әлеуметтік тауар бағасы 0,3% өсті, ал бір апта бұрын өсім 0,4% құрады. Бұны Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Осы аралықта кейбір өнімдер арзандаған. Мәселен, жұмыртқа 0,5%, сүзбе 0,2%, сары май, сиыр еті, тауық еті, сүт 0,1% арзандады. Ұн, нан және күріш бағасы тұрақты. «Сиыр еті де біршама арзандаған», – деп хабарлады ведомство. Ірі қара малды елден шығаруға енгізілген үш айлық тыйым мен делдалсыз ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін күнделікті өткізу жұмыстары пысықталды. Ішкі нарықты толықтыру үшін импорттық көкөністерді жеткізу мүмкіндіктері қосымша талқыланды. Осы мақсаттар үшін «жасыл дәліз» жұмысы реттеледі.
Тегтер #әлеуметтік тауарлар #бағаны бақылау #азық түлік #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz